«Макронның әйелі – еркек»: Макронның әйеліне қатысты тергеу жүргізгені үшін сотталған журналист мәлімдеме жасады

06.02.2025, 15:59
1159
«Макронның әйелі – еркек»: Макронның әйеліне қатысты тергеу жүргізгені үшін сотталған журналист мәлімдеме жасады AP Photo / Pool/ Thibault Camus

Журналист Макронның әйелі шын мәнінде еркек деп мәлімдегені үшін сотталып кеткен. Ол қазір өзіне қауіп төніп тұрғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Макронның әйеліне жала жапқаны үшін сотталған журналист Наташа Рэй қысымға ұшырағанын айтты. Франция президенті Эммануэль Макронның әйелі Брижит шынында ер адам деген айыппен Францияда сотталған журналист Наташа Рэй РИА Новостиге материалдарды жариялауды тоқтату үшін қысым көргенін айтты.

«Маған қатты қысым көрсетілді. Қорқытты. Үйқамаққа алды, уақытша қамауға алды. Телефоным сияқты жеке заттарымды алып кетті, оны 3,5 жылдан кейін ғана қайтарып берді», - деді ол.

Журналист Наташа Рэй леди Брижит Макронның өткені туралы материал жинауды 2021 жылы бастаған. Ол материалдар жарияланбай тұрып-ақ оның үйіне полиция қызметкерлері ордерсіз келгенін, ал адвокаттары олардың отбасын қорқытқанын айтты.

Оның айтуынша, Faits et Documents басылымында мақаласы жарияланған уақытта ол Италияда болғандықтан, Франциядағы қудалаудан аман қалған.

Нормандиядағы Канның апелляциялық соты 2023 жылдың маусымында өз үкімін шығарып, Наташа Рэй мен Амандин Ройды (шын аты Дельфин Джегуссе) жала жабу фактісі бойынша кінәлі деп тапты. 2024 жылдың қыркүйегінде Париж соты екі әйелді жала жапқаны үшін 13 500 еуро көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды.

2021 жылдың желтоқсанында, Франциядағы президенттік сайлауға бірнеше ай қалғанда өзін тәуелсіз журналист Рэй Францияның бірінші ханымын бірнеше жыл бойы зерттегенін айтты. Ол бұрынғы тегі Тронью болған, қазіргі Брижит Макрон президенттен 24 жас үлкен, оның мектеп мұғалімі болған. Журналист президенттің әйелі Брижит шын мәнінде Жан-Мишель есімді адам болып туылғанын айтты. Видео желіге тарап, БАҚ-та, соның ішінде Құрама Штаттарда тез тарады.

 

2024 жылдың наурызында Макрон алғаш рет әйелінің жынысы туралы таблоидтық ақпаратты сынға алды. Оның айтуынша, ол «президент ретінде көрген ең нашар ситуациясы – бұл адамдар сенетін, сізді, сіздіңижеке өміріңізге де жете бастаған жалған ақпарат пен ойдан шығарылған әңгімелер» деп атады ол.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді